Криштиану Роналду: Бұл — әділетсіздік

 «Реал мадрид» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзіне қатысты шығарылған үкімді әділетсіздік деп санайды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Бұған назар аудармау мүмкін емес. Бес ойын! Бұл әділетсіздік! Күлкілі. Әріптестерім мен жанкүйерлеріме қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын!»,-деп жазды футболшы.

Криштиану Роналдуға бұл үкім 14 тамыз күні шығарылған еді. Ол 13 тамызда «Барселонамен» ойын барысында төреші Рикардо де Бургос Бенгоэчеаның шешіміне наразы болып, оны итеріп жіберген.

Айта кетейік, бұл кездесуде 3:1 есебімен мадридтіктер жеңіске жеткен болатын.