«Астана» командасы «Селтиктен» ойсырай жеңілді

Глазгодағы ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен аяқталды — 5:0.

Алдымен 32-минутта Евгений Постников өз қақпасына доп соқса, артынша шотландиялық Скотт Синклер қатарынан екі гол салды (42-60 минуттарда).

Сондай-ақ Джеймс Форрестің тепкен добы қақпадан бір-ақ шықты (79), ал 88-минутта жерлестеріміз тағы да қателікке бой алдырды. Игорь Шитовтың аяғына тиіп, кейін серпілген теңбіл доп қақпаға кіріп кетті.  Бұл жеңіліс турнир тарихында «Астана» үшін ең ірісі болды.

Дереккөз24.kz