Әйгілі желаяқ Усейн Болт футбол ойнауы мүмкін

Қазіргі таңда Усейн Болтқа Англия чемпион-лигасында (чемпионшип) ойнайтын «Бертон Альбион» командасы қызығушылық танытып отыр. Клуб президенті Бен Робинсон Усейн Болтты өз командасынан көргісі келетінін айтты.

«Бас жаттықтырушы қарсы болмаса, біз спортшыға ұсыныс жасауға қарсы емеспіз. Командада тәжірибеден өтеді. Ол – өте жылдам. Талай әлем рекордын жаңартты. Біздің командаға келсе, ғажап болар еді», — деді ол.

Усейн Болттың агенті Рикки Симмс та спортшының футболға деген құштарлығын жасырып қалған жоқ.

«Қай командада ойнайтыны әзірге құпия болып қалғаны жақсы», — деді Рикки Симмс.

Ямайкалық спортшы сегіз дүркін Олимпиада чемпионы ғана емес, он бір дүркін әлем чемпионы атанған желаяқ. Сегіз рет әлем рекордын жаңартқан. 100 және 200 метрге жүгіруде ең жылдам спортшылардың бірі.

ДереккөзVesti.kz