Халықаралық ғарыш станциясынан Фёдор Юрчихин мен Сергей Рязански сөз алып, Амфитеатр сахнасындағы үлкен экран арқылы EXPO қонақтары мен қазақстандықтарға және жұлдызды шаһар Байқоңыр орналасқан Қызылордаға ғарыштан жалынды сәлем жолдады.
Байланыс кезінде ғарышкерлер «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің әлемдік деңгейдегі маңыздылығына тоқталып, «Болашақ энергиясы» әлем елдері үшін жалпы адамзат үшін өзекті екенін мәлімдеді.
