«Болашақ энергиясы» республикалық байқауында жаңа көшбасшы

Құрылғы түтік түрінде жасалған. Оның ішінен ауа тартып шығарылып, орнына сұйық жылу тасымалдағыш құйылады. Өнертабыс электр элементтерімен қыздырылады. Қысым төмен болған жағдайда су 40 градуста қайнап, буға айналады. Түтік санаулы секундтар ішінде өте тез қызады, нәтижесінде электр жылытқышы сіз оны қосқан сәттен бастап бірден жылу бөле бастайды.

Өткен аптада байқауда берілген дауыстар нәтижесі бойынша Атырау облысының өкілі Ержан Нұриденовтың «Жасанды күн-жел ағашы» атты жобасы бірінші орында болғанын еске сала кетейік. Осы аптада көш басындағы үштікті «Энергия тиімділігін және экологиялық қауіпсіздікті арттыруға арналған жану камерасының резонаторлары» жобасымен алматылық Дина Нүсіпбекова қорытындылады.

2016 жылдың тамыз айында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және ҚР Энергетика министрлігі «жасыл» технологиялар саласындағы қазақстандық өнертапқыштар арасында «Болашақ энергиясы» атты телевизиялық байқау жариялаған болатын.

Аталған жобада арнайы қазылар алқасы жоқ. Қазақстандықтар жеңімпазды өздері анықтайды. Жеңіске жеткен өнертапқыш өз жұмысын ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Ең қызық деп тапқан жоба үшін сіз www.yourexpo.kz сайтына кіріп, дауыс бере аласыз. Өнертапқыштар осы сайтта байқауға қатысу туралы өтініш қалдыра алады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның алты өңірінен барлығы 16 өнертапқыш байқауға қатысып жатыр.