Есілдіктер «Туған жер» бағдарламасына атсалысуда — Ақмола облысы

Мəселен, «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Ново-Приречное» ЖШС-нің басшысы Валерий Тюркин жыл соңына дейін Юбилейный ауылында 160 тұрғын үйге газ құбырын тартуға, ауыл ішілік 3,5 жол жөндеуге жəне 2 тұрғын үй салуға  ниетті. Осы мақсатта серіктестік өз қалтасынан 270 миллион теңге қаржы салуды көздеп отыр.

Ал, Уəлихан Əріпов жетекшілік ететін «Заречный» ЖШС 110 миллион теңгеге келер жылдың соңына дейін Заречное ауылындағы әлеуметтік нысандарды жаңғыртуды қолға алуды жоспарлап отыр.