Семинарда жастармен жұмыс жасау модульдері таныстырылды. Ерекше белсенділік танытқан Қызылорда облысы, Алматы облысы және Ақтөбе облысының жастар саласы мамандары Жастар ресурстық орталығының жұмысындағы мәселелерді талқылап, жастар санасын қалыптастыру тұрғысында пікір бөлісті. Жалпы семинар-тренинг 3 бөлімнен тұрды. Командалық жігер, ұжымдық біртұтастық, серпін беретін ойындар ұйымдастырылды, сауалнама жүргізілді. Жастар ресуртық орталығының жоспарына сай тапсырмалар берілді. Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификат тапсырылды. Семинар-тренинг күз айында Қызылорда облысында жалғасын таппақ.
Үш ірі өзеннің тоғысында орналасқан, топырағында тарихтың бедері бар, қос құрлықты жалғаушы алтын көпір — Жайық елі өзіндік табиғатымен, қонақжай халқымен, бай мәдениетімен ерекшеленеді. Жылдар ағынымен Орал қаласы жаңғырып, түлеу үстінде. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тарихында Жайық елі жастар мен жанашылдықтың мекеніне айналды. Орал — жас және жігерлі жандардың қаласы. Жас мамандардың басым бөлігі мемлекеттік қызметте, экономиканың түрлі салаларында еңбек етіп жатыр. Жастығына қарамастан, олар — өз ісінің кәсіби мамандары. Өйткені, бұл ұрпақ тарихи бай Жайық елімен қатар өсіп, оның гүлденуіне өз септігін тигізіп жатыр.
Қазіргі уақытта Орал қаласында төрт жоғарғы оқу орны және 89 жастар ұйымы жұмыс істейді. Қала бойынша жастар саны 70983-ті құрайды. Ал ауыл жастарының саны 74896. Жалпы саны бойынша, Орал қаласында 145 879 жастар бар.
Тоқтар Ғабдірешұлы