Төрешіні итерген Криштиану Роналду он екі матчқа қатыспауы мүмкін

Футболшы бұл қылығы үшін чемпионат матчтарында ойнаудан шеттетілуі мүмкін. Бірінші сары қағаз оған «Барселона» қақпасына гол соғып, үстіндегі футболкасын шешіп тастаған кезде берілген еді. Сары қағаздың екінші рет берілуіне Роналдудың 80-минутта гол соғып, қарсыласының айып алаңында құлағаны үшін берілген еді. Төреші оны «өтірік құлады» деп есептеген.

Аталған кездесу мадридтік «Реал» клубының жеңісімен аяқталды. Есеп — 3:1. Енді қарымта кездесу 16 тамызда өтеді. Бұл матчқа мадридтік шабуылшы қатыспай қалуы мүмкін. 

ДереккөзBaq.kz