Өзбек спортшылары
©Podborno.uz

Өзбекстан президенті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгілі халықаралық спорт жарыстарынан жоғары көрсеткіштерге ие болып келе жатқан спортшыларға өмір бойы ай сайын ақшалай төлемақы берілетіні жөніндегі құжатқа қол қойды.

Спортшылардың жаттықтырушыларына да бір реттік ақшалай сыйақы беріледі.

Олимпиада және Параалимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына берілетін өмір бойғы ай сайынғы төлемақы мен олардың жаттықтырушыларына төленетін бір реттік сыйақыға жеке тұлғалардың табыс салығы салынбайды.

Сондай-ақ, олар жылына бір рет өздеріне қолайлы уақытта елдегі шипажайлық-сауықтыру мекемелерінің қызметін тегін пайдалануға құқылы.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/ozbekstanda-halykaralyk-darezhedegi-sportshylarga-omir-boyy-akshalay-tolemaky-beriledi_a3053714

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!