Қазақстанда ескірген көліктерден құтылу үшін төлемақы көтерілмек

Енді шетелдік автокөлік шығарушылар, импорттаушылар мен сырттан көлік сатып алған жеке тұлғалар темір тұлпарларын тіркеу үшін қомақты қаржы төлеуге міндеттелді.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 5 млн-ға жуық автокөлік тіркелген. Соның 60%-ға жуығы әбден ескірген. «Сондықтан бұл шешім отандық автоөндірісті дамытуға және экологияның жақсаруына айтарлықтай септігін тигізеді», — дейді сарапшылар.

«Мұның қарапайым тұтынушыларға тікелей әсері болмайды. Ашып айту керек, біздің тұтынушылар, автокөлігі бар адамдар бұл төлемақыны ешқайда барып төлемейді. Бұл салық түрі импорттаушылар мен отандық автоөндірушілерге жүктеліп отыр», — дейді автонарық сарапшысы Шалқар Нұртілеуов.

Дереккөзnur.kz