Ертең Астанадағы бірнеше көше жабылады

12.30-14.00 аралығында Тұран даңғылының бойы Сарайшық көшесінен Ұлы Дала көшесіне дейін, Ұлы Дала көшесі Тұран даңғылынан Мәңгілік ел көшесіне дейін, Мәңгілік ел көшесінде Ұлы Даладан Сарайшық көшесіне дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Қонаев, Ақмешіт, Достық және Түркістан көшелері аумағында көлік құралдарының қозғалысы толықтай тоқтатылады.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан елорда көшелеріндегі кептелістерді болдырмау мақсатында бағыттарын алдын ала жоспарлап алуларын сұраймыз»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

«AstanaEXPO 2017 InternationalCriterium» тас жолдағы веложарысына 15 кәсіби велокоманда және 5 ұлттық құраманың қатысады. Қатысушылардың арасында Крис Фрум (SkyTeam), Наиро Кинтана (Movistar), Фабио Ару (AstanaProTeam) және тағы да басқа аты шыққан спортшылар бар.

Велошабандоздар сағат 13.00-де «Астана ЭКСПО-2017» аумағынан сағат шығып, сағат 14.15-те «Бәйтерек» монументінің жанындағы мәреге келуі тиіс. Бағыт «Бәйтерек» монументі айналасындағы Түркістан, Достық, Ақмешіт және Д.Қонаев көшелері бойынша 1,6 км тұратын 30-35 шеңберден құралған.

Шара Астана ЭКСПО-2017 шеңберінде Халықаралық Велошабандоздар Одағының (UCI) аясында өткізіледі.

Жанкүйерлер мен көрермендер үшін бой жазатын бағдарлама, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті ұйымдастырылады.

Веложарыстың трансляциясы «Eurosport2» және «Kazsport» телеарналарында сағат 13:30 бен 14:30 аралығында жүргізіледі. Комментаторы танымал ресейлік журналист, «Eurosport» телеарнасындағы спорт редакциясының «алтын дауысы» — Сергей Курдюков болмақ.

Ал бүгін, яғни 11 тамызда сағат 14.30-де «Астана ЭКСПО-2017» Медиа-орталығында ұйымдастырушылар мен велошабандоздардың қатысуымен баспасөз мәслихаты, 12 тамызда сағат 12.00-де «Астана ЭКСПО-2017» аумағында командаларды таныстыру рәсімі өтеді.