Қарағанды облысындағы үш ауылдың аты қазақшаланады

Осы күзден бастап, Нұра ауданындағы Щербаков ауылы — Қайнар ауылы, Киевка кенті- Нұра ауылы, ал, Оскаров ауданындағы Дальнее ауылы — Аманқоңыр деп аталатын болды.

Қазіргі уақытта Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі онамастикалық басқарма бөлімінде өзгертулер бойынша жобалар әзірленіп жатыр. Оның мақұлдануы мен бекітілуіне бір жарым немесе екі ай уақыт жұмсалады.

Сондай-ақ, Нұра ауданына қарасты түрлі ауылдардағы 45 көшенің атауын өзгертуге шешім қабылданды.

ДереккөзToday.kz