Биыл Көкшетауда 1238 бүлдіршін балабақшаны аяқтады

1 мен 6 жас аралығындағы 13 мыңнан астам бала мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтамасыз етілген. Осы жылы 1238 бүлдіршін балабақшаның түлектері атанып, мектеп табалдырығын аттамақшы. Кезекте тұрған 1222 бүлдіршін осы жылдан бастап балабақшаға қабылданатын болады.

Қазынадан бөлінген қаражат мақсатты игерілуде. Қазіргі таңда «Жұлдыз» балабақшасында жөндеу жұмыстары аяқталған, мектепке дейінгі «Аққу» мекемесі жаңартылуда. Аталған балабақша 325 балаға лайықталған. Қазіргі уақытта балабақшаның шатыры ауыстырылуда.

Айта кететін жәйт, осы жылы Көкшетау қаласында «Мейірім» балаларды дамыту орталығы ашылмақ. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі ерекше білім беру орталығы болып саналады. Қалыпқа келтіру жұмыстарына қалалық бюджеттен 26 миллион теңгеден астам, ал жарақтандыруға қосымша тағы да 12 миллион теңге бағытталмақ. Аталған орталықта тек қана тәжірибелі  мамандар жұмыс атқаратын болады.