Ақмола облысында жаңа тағайындаулар болды

Айта кетейік, бұған дейін ол Ақмола облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына басшы болып Жанболат Хамитов тағайындалды. Кадрлық өзгертулерден кейін күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына келетін болсақ,  өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 250,6 миллиард теңгені құрады, өнімнің нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрап отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен 4,2 пайызға төмен. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 61,5 миллиард теңгені құрап отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артық. Құрылыс жұмыстарына 31,5 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Алайда, 9 ауданда құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталмай, біршама төмендегені байқалады.

Әлеуметтік сала бойынша ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 7300-дей жаңа жұмыс орны құрылған, олардың 4000-ға жуығы тұрақты жұмыс орындары. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 балабақша мен 2500 орынға шақталған 7 мектеп салу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау саласында туберкулез, қан айналымы, онкологиялық патология ауруларымен науқастану көрсеткіштері біршама төмендеген.  Алайда, облыс бойынша медициналық кадрлардың жетіспеушілігі байқалады.

Өңірдегі бюджеттің орындалуына келетін болсақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін облыстық бюджетке 101 миллиард 232 миллион теңге келіп түскен. Алайда оның 2,3 пайызы игерілмей қалған. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтау басқармалары бойынша.

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин жуырда ғана тағайындалған облыс әкімінің экономикалық істер жөніндегі орынбасары мен кеңесшісі, мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы бірлесіп облыстық бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға байланысты жаңа жоба әзірлегенін атап өтті. Аталмыш жоба жуық арада қаралып, аудан басшыларына таныстырылатын болады. Ал әзірге облыстық бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты өңірде бірқатар мәселелердің бар екені айтылды.

Осылайша, өңір басшысы үшінші тоқсанның соңына қарай бюджетке түсетін салық пен төлемдерді 100 пайыз қамтамасыз етіп, бюджеттен бөлінген қаражатты толық игеруді  тапсырды. Бұдан бөлек, алдағы орақ науқанына, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын қолға алып, ойдағыдай өткізу қажеттігін айтты. Жиын соңында аймақ басшысы аудан әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар беріп, ІІІ тоқсанның соңына дейін барлық олқылықтарды жою қажеттігін қатаң тапсырды.