ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ақмола облысында іссапармен болды

Депутаттар  кәсіпорын жұмысшылары  мен кездестi. Жұмыс циклымен танысқан халық қалаулылары зауыт инженерлерiмен және қатардағы жұмысшы мамандармен бiрқатар мәселелердi талқылады.

«Бiз бүгiн кәсiпорынның жұмысымен танысып, жұмысшылармен сөйлестiк. Оларды мазалаған сұрақтарына жауап бердiк. Жұмыс iстеу үшiн бұл кәсiпорын қабырғасында барлық жағдай жасалған. Кәсiпорындағы орташа жалақы 140-150 мың теңгенi құрайды. Бұдан өзге жұмысшылар үшiн тегiн медициналық қызмет көрсетіледі»,- дедi өз сөзiнде Майра Айсина.

«Камаз-Инжиниринг» мекемесi Қазақстан мен Ресейдiң бiрлескен жобасы аясында ауыр жүк көлiктерiн шығаратын өңiрдегi ең iрi кәсiпорындардың бiрi болып табылады. Ресейдiң «Камаз» АҚ және Қазақстандық «Камаз Инжиниринг» Ұлттық компаниясы бiрлесiп, 2005 жылдан берi жүк көлiктерiн құрастырумен айналысуда.

Бүгiнгi таңда кәсiпорын қабырғасында 200 ден астам адам еңбек етуде. Еңбек ұжымы қазақстандық «Камаз» модельдiк қатарын қалыптастырып, шығаруға өз үлестерiн қосқандығын мақтанышпен жеткiзуде.

Сонымен қатар жұмыс барысында халық қалаулылары «Көкшетау автобус паркiнде» болып, автобус жүргiзушiлерi жанар-жағармай бағасының көтерiлуi, автомобиль бөлшектерiнiң қымбаттауы мен жас отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету мәселелерiн көтердi. Өңiрдiң үкiметтiк емес ұйымдарымен кездесу өткiздi. Ұжымдық кездесулерге қатысқан Мәжiлiс депутаттары бiрқатар сұрақтарға жауап берiп, бүгiнгi таңда үлкен талқылауға ие болған Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, бағдарламалық мақаласы мен медициналық сақандыру мәселесiн түсiндiрiп бердi. Бұл күнi партияның қоғамдық қабылдауында депутаттар азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау жүргiздi.