Қазіргі уақытта қаланың бiрқатар көшелерiнде ағымдағы, орта және күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Оның iшiнде Ташенов көшесi жаңадан салынып жатыр. Мердiгер компания өкiлдерiнiң айтуынша, мұнда жұмыс кестеге сай орындалуда, барлығы уақытында пайдалануға берiледi. Құрылыс қарқынын көрген облыс әкiмi сапаға ден қойып, жобаны уақытында тапсыруды мiндеттедi.
Мұнан кейiн М.Мырзалин «Революция күрескерлерi» саябағында болып, онда жүрiп жатқан қайта жаңғырту жұмысын көрдi. Саябақты қалпына келтiрiп, оны қала тұрғындары мен қонақтарының тағы бiр демалыс орнына айналдыру мақсатында биыл бюджеттен 300 млн теңге қаржы бөлiнген. Қазiр бұл қаржыны игеру мақсатында мұнда ерекше дизайнмен аллея салынып, жол төселiп жатыр. Жоба бойынша саябақта спорт кешенi бой көтерiп, шаңғы жолы салынады. Атап айту керек, саябақ құрылысына қажеттi материалдың 80 пайызы жергiлiктi өндiрiс орындарынан алынып отыр.
Осы күнi аймақ басшысы «РегионСтрой» ЖШС болып, аталған үй құрылыс комбинатының жұмысымен танысты. Биыл мұнда 30 мың тоннадан астам өндiрiс материалы шығарылған.
Сондай-ақ облыс әкiмi №18 орта мектепке қосымша салынып жатқан 420 орындық ғимараттың құрылыс қарқынын пысықтады. Жұмыс барысына оң баға бе рген ол, нысанды 2018 жылдың жаңа оқу мауысымына дейiн тапсыруды жүктедi.
