EXPO-2017: Ақмола облысынан 40 мыңнан астам қонақ көрмені тамашалады

Делегация құрамында облыс əкiмiнiң орынбасарлары, аудан əкiмдерi мен энергетика мəселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарлар мен мемлекеттiк қызметшiлер бар.

«Көрменi аралап көру барысында көп нəрсенi көңiлге түйдiк. Делегация мүшелерi тиiмдi жобалардан толайым ой түйiп, тəнтi болды. Əсiресе, бiздi энергия қуатының көздерi қызықтырды. Қоршаған ортаны ластамай, таза сақтау үшiн өндiрiстiк жəне тұрмыстық қалдықтарды өңдеу тəрiздi жаңа технологиялар аз емес. Мұның барлығы бiз үшiн өте қажеттi. Сондықтан алдағы уақытта өз өңiрiмiзде қолдану үшiн тереңiрек зерттеп бiлуге тиiстiмiз», — дедi Степногорск қаласының əкiмi Əнуар Күмпекеев.

Уақыт бiр орнында тұрмайды. Алға жылжыған сайын кешегi жаңалық көнерiп, ескiруi мүмкiн. Сондықтан, жүйрiк уақыттың жалына жармасып, алға ұмтылған лəзiм.

«Ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткiзiлiп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiнiң пайдасы өте көп. Мен ең алдымен Қазақстанның осындай ауқымды шараны мiнсiз ұйымдастырғанын мақтаныш етемiн. Болашақтың энергиясы дегенiмiздiң өзi барша əлемнiң алға қарыштап басар қадамының қарымын нықтайтын серпiлiс. Ақмолалықтар көрмеге айырықша қызығушылық танытып отыр. Соңғы мәлiметтерге бойынша, бiздiң өңiрден 40 мыңнан астам адам көрмеге барып, көзайым болды», — дейдi облыс əкiмi аппаратының жетекшiсi Қанат Шөкенов.