Ақмола облысы мен Нидерланд Корольдiгiнің әріптестігі артпақ

Осы сапар аясында Ақмола облысы əкiмiнiң орынбасары Егор Каппельмен кездесу өтiп, оның барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, тараптар екi басым бағытты айқындады: сүттi мал шаруашылығы жəне көкөнiс шаруашылығы.

Нидерланд Корольдiгi елшiлiгiнiң өкiлi екiжақты экономикалық, сауда жəне инвестициялық байланыстарды дамытуға қатысты қызығушылық бiлдiрдi. Егор Каппель Нидерланд Корольдiгiнiң агроөнеркəсiп кешенiн дамытудағы тəжiрибесi ақмолалық шаруалар үшiн қызықты əрi пайдалы болатынын атап өттi.

Кездесу соңында тараптар Ақмола облысының агроөнеркəсiп кешенi саласындағы голландиялық компаниялармен ынтымақтастығын толық талқылау үшiн келесi кездесудiң күнiн белгiледi.