Аталмыш стансаның құрылысы 2014 жылы бiткен болатын. 2017 жылы нысан ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiң балансына көшiрiлген. Облыстық ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Данияр Қуанышбаевтың айтуына қарағанда, стансаның жұмыс iстемей тұрған себебi, көгiлдiр отынмен жұмыс iстейтiн мамандандырылған компанияның жоқтығы, екi мəрте жарияланған тендер ұсыныс болмаған соң өткiзiлмеген. Жiбек жолы ауылындағы 250-ден астам үйге көгiлдiр отын осы газ бөлу стансасы арқылы жеткiзiлу тиiс едi, алайда нысан 3 жылдан берi жұмыс iстемей тұры.
Нысанды қарап, қуатын бағамдаған өңiр басшысы Мәлік Мырзалин таяу арада осы түйiндi мəселенi тездетiп шешудi тапсырды.
«Газ бөлу стансасын салуға мемлекеттiң 1,8 миллиард теңгеге жуық қаржысы жұмсалды, оның тиiсiнше жұмыс iстемеуi дұрыс емес»,- деді өңір басшысы.
Ақмола облысының әкімі аталған нысанның ары қарайғы жүзеге асырылуын жеке бақылауына алды.
