Министр Тамара Дүйсенова Көкшетау қаласының әлеуметтік нысандарымен танысты

Министр жұмыс сапарын ең алдымен Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрынан бастап, мəдени мекемеде кембағал мүгедек жандардың жүрiп-тұруы үшiн жасалған жағдаймен танысты. Мекемеге орнатылған құралдар, атап айтқанда, пандустар мен тiрек роликтерiнiң жолақтары арбаға танылған жандарға жылдың қай мезгiлiнде болсын ыңғайлы екендiгiн «Шанс» мүгедектердi оңалту орталығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң директоры Василий Шиманский өзi көрсеттi. Театрда қойылым залына өту үшiн мүгедектергеарнайы сатып алынған арба бар жəне құлағы нашар еститiн адамдарға арналған құрылғылар орнатылған.

Бұл жұмыстар өткен 2016 жылы «Кедергiсiз келешек» бағдарламасы аясында орындалғаны жөнiнде театрдың директоры Мұратбек Оспанов баяндап бердi.

Көкшетау қалалық No1 емханасында Еңбек жəне халықты əлеуметтiк қорғау министрi мiндеттi əлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi бойынша жеңiлдiк қарастырылған азаматтардың қызмет алуы турасында сұрап бiлдi. Емханада сал ауруына ұшыраған балаларды оңалту орталығы жұмыс iстейдi. Мұнда қазiргi уақытта 25 жарымжан бала келiп жүр. Ата-аналар əлеуметтiк бағдарлама шеңберiнде сал ауруына ұшыраған балалардың балабақшалары қашан ашылатындығы жөнiнде сұрады. Бұл орайда, егер ата-аналар өздерi бiрлесiп, оңалту балабақшасын ашуға өз тараптарынан ұсыныс бiлдiрсе, кез келген уақытта оларға мемлекет қолдау көрсететiндiгiн түсiндiрдi. Аталмыш емханада осындай сал ауруымен қатар эпилепсиямен ауыратын адамдардың тобына арналған дене шынықтыру кабинетi мен сылап-сипау, дамыту бөлмесi жұмыс iстейдi. Филодельфияда жəне Алматы қаласында арнайы медициналық бiлiмiн жетiлдiрiп келген, өзiнiң де баласы сал ауруымен ауыратын Гауһар Камелинова министрдi оңалту орталығының жұмыстарымен таныстырды.

Дене шынықтыру кабинетiнде арнайы тренажерлық құралдар, дене шынықтыруға арналған медициналық оңалту құрылғылары орнатылған. Емхананың медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзуге байланысты жұмыстарын бас дəрiгер Сүлен Iлиясов айтып бердi.

Қалалық жұмыспен қамту орталығында болған Тамара Дүйсенова, орталықтың жұмысына өзiнiң көзқарасын бiлдiрдi. Сондай-ақ, ол мұнда орталық операторларының бiрiнiң алдына барып, «жастар тəжiрибесi» шеңберiнде жұмыс тауып беруiн өтiндi.

Қызметшi аталмыш бағдарлама бойынша одан жұмыссыздар қатарына тiркелгендiгiн растайтын құжатын сұрап, оған қалай жəне қайда жұмысқа орналасуға болатынын түсiндiрiп бердi.

Еңбек жəне халықты əлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова жұмыс сапарының соңында «Достар» мəдениет сарайында облыстағы министрлiк күндерiнiң қорытындысы бойынша мəжiлiс өткiздi.