Талдықорғанда «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шаралары өтіп жатыр

Шараға ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы және облыстық жол-патрульдық полиция инспекторлары ат салысуда.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарлауынша, Алматы облысында жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілердің қатысуымен 382 факт орын алған. Көп жағдайда оған жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігі және жол жүру ережесін сақтамауы себеп болады.

Облыстық ІІД полиция полковнигі, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Шынғысхан Сабуровтың айтуынша, жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің 2222 жол қозғалысы ережесін сақтамау белгілері орын алған. Ал жаяу жүргіншілерді өткізбегендігі үшін 3995 көлік жүргізушісі жауапқа тартылған.

«Бұл біздің қызметкерлердің жүргізген мониторинг барысында анықталған. Жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісінің өзара сыйластығы жол көлік оқиғасы қаупін төмендетіндігін ескеруіміз қажет. Және облыс тұрғындарына жол ережесін қатаң сақтауға, бекітілген орындардан ғана жолды өтуге шақырамыз», — деді Шынғысхан Сабуров.