Көкшетаудағы телемұнараға жөндеу жүргізіліп жатыр

Жаңарту жұмыстары негізінен маусым айында басталған. Қазіргі күні бұл жерде мердігер ұйымның жұмысшылары еңбек етуде. Олардың бір тобы тау басына апаратын телемұнара баспалдақтарын жаңалау жұмыстарын қолға алған. Бүгінге дейін 144 саты орнатылды. Одан бөлек, баспалдақтар арқылы көтерілгеннен кейін көрінетін мына алаңда да жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жұмыстар уақытылы аяқталса, қала тұрғындары жақын арада жаңа демалыс орнында қаланы биіктен тамашалауға мүмкіндік алады.

Тауға апаратын сатылар мен демалыс алаңындағы жұмыстардан бөлек, бұл маңдағы көлік жолдары да қалпына келтіріліп, жаңа асфальт төселген. Айта кетейік, қазіргі күні облыс орталығындағы халық арасында балалар теміржолы аталып кеткен саябақ та жаңартылуда. Мұндай жұмыстар жақын арада Қопа көлінің жағалауына да жүргізілмек.