Алматы күніне орай қалада 60-тан астам мерекелік шара өтеді

Шара аясында «Медеу» биік мұз айдынына Қытайдың, Түркияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Индияның және басқа шетелдердің танымал әншілері келеді. Олдардың арасында оңтүстік кореялық «U-KISS» К-рор тобы, Индияның әншісі Sanah Moidutty, түрік жұлдызы Murat Boz бар.

Екі күн ішінде шетелдік әншілермен бірге МузАРТ, Қайрат Нұртас, Айкын, Әли Окапов және басқа қазақтандық орындаушылар да өнер көрсетеді. Билеттерді «Kassir.kz» cайтынан алуға болады. 7 тамыздан бастап «Меломан» желісі мен Республика сарайының кассаларына фестиваль билеттері түсе бастайды.

Бір ай бойы қаламызда, 17 тамыздан бастап 17 қыркүйекке дейін оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары үшін 60-тан астам ірі мерекелік іс-шара (фестивальдер, концерттер, турнир мен көрмелер) өткізілетін болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен 22 тамыз күні «Қала күніне – аула күні» атты аула шығармашылығына арналған қалалық фестивалі ашық деп жарияланып, бір ай бойы жалғасатын болады.

Фестивальдің ашылуы, Family Park саябағында өткен, 3 сағатқа созылған қала Аула клубтарының дарынды тәрбиеленушілерінің күшімен өткізілген шығармашылық концертпен есте қалды. Мерекелік іс-шара кезінде, қонақтар үшін 3 алаң жұмыс істеді, бірінші алаңда өнерпаздар жиналған қауым үшін өз өнерлерін тарту етті, екінші алаңда жас шеберлердің бұйымдарының, көркем суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды, ал үшінші алаңда түрлі ұлттық ойындар ойнатылды. Саябаққа келген көптеген демалушылар да, балалардың өнерлерін тамашалау үшін аялдап, белсенді және интелектуалды тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс, қол күрес және тұмақ ұру ойындарына қатысты. Аула клубтарының кішкентай шеберлерінің көрмеде ұсынған суреттері, ленталы кестелері, тігу, майда моншақтан жасалынған әшекейлері, әсем құмыралары мен сандықшалары және де тағы басқа да қолдан жасалынған бұйымдары демалушылардың басым бөлігін өте қатты қызықтырды.

Сондай-ақ бір ай ішінде «Көк-Төбе — Опера» халықаралық музыка фестиваліне барып, ашық аспан астында «Оркестрлер шеруін», «Aлма fest» алма фестивалін тамашалап, «ТойҚазан 2017» атты Қазақстан халықтарының ұлттық ас мәзірлері фестивалінен дәм татып, «Gakku даусы» көпмыңдық Open Air ді қызықтап, «Тұлпар» ұлттық киносыйлығын тапсыруға қатысып, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының «Базарым тарқамасын» спектаклін және басқаларын көруге болады. «Almaty Sales Festival: Summer 2017» жеңілдік фестивалі аясында қаланың 100-ден астам сауда орталықтары арзан тауарларды ұсынады.

17 қыркүйекте «Алматы Аренада» «Muzzone» телеарнасының VI Евразиялық «EMA 2017» музыкалық сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.

9 қыркүйекте «Alash Pride» палуандарының жарысы өтеді, мұнда ешкімге жеңіліс бермеген Арман Оспанов бразилиялық Тиаго Тавареспен күш сынасады. Биыл «Тур Алматы» веложарысы екі күн бойына 28-29 қыркүйекте өтеді әрі халықаралық көпкүндік турлардың ең маңыздысы болып табылады. «Евроспорт» телеарнасы жарысты тікелей трансляциялайды.

Сондай-ақ, «Алматы Аренада» жақын айлар ішінде «ABBA platinum», «А’studio», «Грибы» және басқаларының концерттері өтеді. Республика Сарайында Төреғали Төреәлі, Ваенги, Наргиз Закирова, Павел Воли және басқа қазақ және ресейлік эстрада жұлдыздарының концерттері өтеді. Бұлардан өзге, биыл М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры мен еліміздің ең көне Алматы зоологиялық паркі өздерінің 80 жылдық мерейлі мерекелерін атап өтеді.

Қала күніне орай жаяу жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңын қайта жасау жұмыстары аяқтау жоспарланған және бірқатар әлеуметтік нысандар, аудан әкімдігі, ХҚКО, сот, прокуратура, әділет басқармасы және басқалары орналасатын Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы ашылады.