Басты бетЖаңалықтарАстанада жас...

Астанада жас ақындардың арасында жыр байқауы өтеді

Байқау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналады. Жүлденің жалпы қоры — 1,2 млн теңге.

Байқаудың бірінші кезеңінде: «Мәңгілік ел мұратым» мен «Мемлекеттік рәміздер мәртебем» тақырыптарындағы шығармаларды қабылдау жүргізіледі.

Екінші және үшінші кезеңде: өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындар орнын анықтап, мүшәйраның әділ қазылар алқасының отырысы өткізіледі. Марапаттау рәсімі қыркүйек айында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.

Жыр байқауының мақсаты мен міндеттері туралы ақын Қалқаман Сарин мен Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов баяндап берді.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында өтетін мүшайраға Астананың жас ақындарын қатысуға шақырамын. Биыл қалалық деңгейде өтетін мүшәйраны болашақта, республикалық, тіпті халықаралық жыр бәйгесіне айналдыруды жоспарлап отырмыз деді», — Асхат Оралов.

«Қабылданған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Мүшәйра жұмыстары ереже шарттарына сәйкес келмесе, ұйымдастырушылар оларды қабылдамауға құқы бар. Бұл туралы өтінім ұсынылған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде Мүшәйраға қатысушыларына мәлімденуі тиіс»,- деді белгілі ақын Қалқаман Сарин.