Сот залында адам өмірін құтқарған прокурор марапатталды

28 маусым күні Алматы аудандық №2 сотында зардап шеккен Мұхтар Сұлтановтың жер телімдеріне байланысты сот өтті. Сот барысында жүйкесі жұқарған Мұхтар Сұлтановтың ауруы қозып кетеді. Осы сәтте прокурор Нұрлан Хабдулов науқасқа бірден алғашқы көмек көрсетіп үлгерген.

Прокурор алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін әскери борышын өтеп жүрген кезде үйренген болып шықты. Оның осы әрекетін ескеріп, Астанада елорда прокуроры Болат Дембаев марапаттады.

Қазіргі таңда Мұхтар Сұлтанов амбулаториялық емдеуде жатыр.