Байқау 3 номинация бойынша өтеді:
1.«Үздік еңбек династиясы»- ең ұзақ еңбек өтілімімен бірнеше марапаттауы бар ең көпжылдық династия таңдалады.
2. «Өндірістің үздік жас жұмысшысы» — 5 жылдан кем емес еңбек өтілімімен өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.
3. «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі» — 20 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар ең жоғары нәтижелі жетекші таңдалады.
Дауыс беру 3 аталым бойынша өтеді:
Онлайн-дауыс беру — ең көп дауыс жинаған әр аталым бойынша 3 көшбасшыны анықтайды (бас-аяғы 9 үміткер). Екінші кезеңде өңірлік комиссия 3 көшбасшы арасында байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.
Ең үздік қатысушыларды марапаттау республикалық «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» форумын өткізу күнінде өтеді.
Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Еңбек күні бекітілген болатын. Ал «Еңбек жолы» байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты — еңбек адамының әлеуетін, еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс мамандықтарын насихаттау. Жеңімпаздарды таңдау екі кезең бойынша іске асырылады: қалалық және республикалық деңгейде. Дауыс берудің бірінші кезеңі 1-31 тамыз аралығында өтеді.