Ислам Каримовтың саясаты сынға алынды

Өзбекстанда мемлекеттік ақпарат құралы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтың жүргізген саясатын сынға алды. Хабарда Каримовтың тұсындағы  лидер атану үшін үнемі көршілермен бәсеке жарыстырып, үстемдігін дәлелдеуге тырысудың кесірінен шиеленіскен проблемаларды қазіргі таңда президент Шавкат Мирзияевке шешуге туралы келгені айтылды.

«Өзбекстан 24» телеарнасының «Таҳлилнома» бағдарламасында Ислам Каримовтың аты-жөні аталмағанымен, оның тұсында жүргізілген саясат «кесек астында қалды» деп хабарлайды Озодлик.

Өзбекстанды ширек ғасыр уақыт үздіксіз басқарған тұңғыш президент Ислам Каримовтың тұсында және былтыр ол дүниеден өткеннен кейінгі уақытта Каримов билігі кезінде жүргізілген саясат үкімет бақылауындағы ақпарат құралдарында ешқашан бұлайша ашық сыналмаған.

«Таҳлилнома» бағдарламасында қоғамның барлық саласы – экономикадан бастап әлеуметтік, рухани және ауыл шаруашылығы салаларындағы жағдайға талдау жасалған. Хабарда сөйлегендер Ислам Каримовтың билігі тұсындағы жіберілген қателіктерді сынға алған. Олардың айтуынша, мысалы, бұған дейін «сыртқы саясатта жіберілген кемшіліктердің шешімін табумен бүгінгі таңда жаңа президент Мирзияев айналысып жатыр».

ДереккөзAzattyq.org