Оның сөзінше, 15 жылдай жұмыс істемей тұрған балалардың сауықтыру орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін осы күні аудандық бөлімі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп отыр.
«Сауықтыру орталығын қайта жаӊғыртуды ойластырып отырмыз. Күрделі жөндеу жұмыстарына қанша қаржы қажет екенін дәл қазір дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен, өз тарапымыздан тиісті жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. Егер бюджеттен қаржы бөлініп жатса, жөндеу жұмыстарын бастап кетуге дайын- быз. Бұл аудандағы әкімдіктіӊ балансында тұрған балалардыӊ демалып, сауығатын жалғыз орталығы. Мұнда бір ауысымда 70 бала демалуына болады,»- деді Жангелді Уәйісов.
Қазіргі кезде Зеренді ауданында «Сұӊқар», «Мәлік Ғабдуллин» атындағы және «Барыс» тәрізді үш демалыс лагері жұмыс істейді. Ал, Кеӊес Одағыныӊ Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектептіӊ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл білім ордасыныӊ іргесі 1973 жылы қаланған. Жарты ғасырға жуық тарихы бар ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет болатын. Тіпті, соӊғы жылдары мектептіӊ төбесінен су сорғалап ағып, оқушылардыӊ білім алуына қиыншылық туғызды. Осыған орай облыс басшылығы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теӊгеден астам қаржы бөлгізді. Оныӊ 150 миллион теӊгесі биылғы жылға қарастырылған. Мектептіӊ шатыры, есік, терезелері және едені ауыстырылуда.
Қалған қаржыға келер жылы жаӊа спортзалдыӊ құрылысы мен білім ордасыныӊ маӊын абаттандыру шаралары қолға алынбақ. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Еӊбек-Көкшетау» серіктестігі жүргізуде. Аталмыш мектепте 300-ден астам бала білім алуда. Оныӊ 66-ы Қарсақ, Қызыл Кардон, Бәйтерек, Үлгілі және Тройцк сияқты жақын маӊдағы ауылдардан тасымалданып оқиды. Сонымен қатар, өткен жылдыӊ күзінде өртенген Дөӊгілағаш негізгі мектебі де қалпына келтірілуде. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпып, білім ордасыныӊ шатыры жанып кетті. Сол кезде оқушыларды амалсыздан бос тұрған тұрғын үйдіӊ бірінде оқытуға тура келді. Осы күні аталған білім ордасына облыстық бюджеттен 34,3 миллион теӊге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған.
«Жөндеу жұмыстарын тамыз айыныӊ соӊында дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін ғимараттыӊ шатыры мен терезелері ауы- стырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жаӊа оқу жылында ауылдағы 50 бала осы мектепте оқитын болады,» — деді Қонысбай ауылдық округініӊ әкімі Серік Сабыров.
Осы ауылдағы мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 12 миллион теӊгеден астам қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстары бірер аптада аяқталады.
