Уəли хан мазарын абаттандырып жатыр — Ақмола облысы

2008 жылы Уəли ханның 270 жылдығына орай тұрғызылған ескерткіш — Мазар Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылының оңтүстік-шығыс жақ тұсында орналасқан. Ескерткіш қызыл кірпіштен төрт бұрышты етіп қаланған және төбесіне жарты айы бар күмбез орналастырылған. Ескерткіштің жалпы аумағы 1920 шаршы метр, ал қабырғаларының биіктігі 8 метрді құрайды.

Бұл «Туған жер» бағдарламасы арқылы облыста абаттандырылып жатқан алғашқы ескерткіш.

Ескерткіштің жаңғырту жұмыстарына Борис Козлов басқаратын «Азия-Агрохим» ЖШС демеушілік көмек ретінде 6,5 миллион теңге қаржы бөлген. Оған ескерткіштің аумағы қоршалып, бедер тастар төселуде.