Басты бетҚарбыздың қандай...

Қарбыздың қандай емдік қасиеті бар?

Қарбыздың пайдасы

Калориясыз, тәтті қарбыздың ағзаға тигізер пайдасы көп. Диетологтар қарбызды құнды диеталық тағам ретінде ұсынады. Алайда, күніне 2-3 кг-нан артық қолдануға болмайды.

Қарбыздың емдік қасиетін туралы ең алғаш арабтар анықтаған. Олар тамақтың алдында қарбыз жеген адамның ағзасы толығымен тазарады деп сенген. Медицина мамандары да қарбыздың аурудан айықтыратын қасиеті бар екенін дәлелдеген.

Халық медицинасында қарбызды шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

Қарбыздың дәндері, қабығы мен шырынды бөлігі дәрілік мақсатта қолданылады. Шырыны жаздың күні шөл басу үшін де пайдаланылады. Тәтті бөлігі мен шырыны несеп жүргізуге көмектеседі.

Қарбыз
©Pomada.cc

Ертеде халықтық медицинада қарбыздың дәндерін қан тоқтату үшін де қолданған.

Қарбыз бүйрек және бауыр ауруларына, тас, тұз жиналған ішкі құрылыс мүшелеріне шипа болады.

Қарбыз темірге бай. Қаназдық (анемия) кезінде де пайдасы көп. Сонымен қатар, адам бойындағы артық  холестеринді шығаруға, атеросклероз ауруына да көмектеседі.

Дәрігерлер жаз айында подагра, артрит, қант диабеті ауруларымен ауыратындардың ас мәзіріне қарбызды қосуды ұсынады. Семіздікпен күресетіндерге арналған қарбыз диетасы нәтижелі болатыны дәлелденген.

Безгек ауруына шалдыққандар қарбызды сусын ретінде қолданса болады.

Тіпті, қарбыз көздің көру қабілеті мен мидың белсенділігін арттырып, ультракүлгін сәулелерден қорғай алады. Оның құрамындағы «С», «А» дәрумендерінің адам ағзасына пайдасы мол.

Қарбыздың қабығымен бас ауруын лезде жазып алуға,  дәнін қайнатып, сусын ретінде қолдануға да болады.

Қарбыздың зияны

Осыншама пайдасына қарамастан, қарбыздың зиянды тұстары да жоқ емес.

Қарбыз науқанымен қатар адамдардың улануы да жиілейді. Мысалы, Қазақстанда жаз айында тамақтан уланғандардың саны былтырғымен салыстырғанда екі есеге көбейген. Оған қарбыздың химиялық қоспалардың көмегімен жылдам пісуі, жемістің көктей жұлынуы себеп болады.

Қарбыздың пісіп-піспегенін тексеру үшін сауда орындарында белгі салдырып кескен соң, қарбызды 1 сағаттың ішінде жеу керек. Әйтпесе,  тағамдық құндылығын жойылып кетеді.

Қарбыз
©Pomada.cc

Көп адамдар қарбыздың дәнінің көп болмаған дұрыс деп ойлайды. Алайда, бұл қате тұжырым. Қарбыздың дәндерінің көп болуы оның табиғи ортада өсірілгенін аңғартады. Және қарбыздың дәндері ақ емес, қара-қоңыр түсті, жетілген болуы керек.

Қып-қызыл, тым тәтті қарбыздар да денсаулыққа зиян. Табиғи жолмен өсірілген қарбыздар әсіре қызыл болмауы керек.

Күннің ыстығында ұзақ тұрып қалған қарбыз да адам ағзасына зиян келтіріп, түрлі ауруларға себепші болады. Сондықтан, қарбыз таңдауда аса сақтық танытқан жөн.