Жазғы демалыста медициналық сақтандыру не үшін қажет?

Ағзаның климатқа бейімделмеуі, жергілікті тағамдардың жақпауы, ауа райының ыңғайсыздығы мен алыс жолдың ауырлығы жазғы демалыстың жақсы өтуіне кедергі болуы мүмкін. Күнге күю, жаралану, денсаулықтың сыр беруі сияқты жағымсыз жағдайда қалай тегін ем қабылдауға болады?

Сапарға шықпас бұрын денсаулықты сақтандыру жүйесін ретке келтіріп алыңыз. Қазір елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп жатқаны белгілі. Алайда, бұл шара ең алдымен сіздің денсаулығыңыз үшін қажет. Сондықтан, ешкімге міндетсінбей, демалысқа шығарда сақтандыру құжаттарын жасатып алыңыз.
Тіс ауруы, суық тигізіп алу, тамақтан улану, аллергия, күнге күю, ыстық өту – осының бәрі дәрігердің алдына баруға мәжбүр етуі мүмкін. Егер әлемнің кез келген жерінде тегін медициналық көмек алғыңыз келсе, медициналық сақтандыру полисінің құжаттарын ұмытпаңыз. Бұл жағдайда төлқұжат пен басқа құжаттардың түпнұсқасы қажет болатынын да естен шығармаңыз.

Есте сақтаңыз, егер де аяқ-қолдың сынуы, естен танып қалу сияқты адам өміріне қауіп тудыратын төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, кез келген медициналық орталық сақтандыру полисінсіз-ақ алғашқы жедел жәрдемді көрсетуге міндетті.
Заң бойынша жүкті әйелдер де елдің кез келген жерінде медициналық көмектің барлық түрін сақтандырусыз тегін түрде қабылдай алады.

Жүкті әйел демалыс кезінде басқа елде немесе басқа қалада босанып қалған жағдайда, тексеріс жүргізу және скрининг шаралары тегін жүргізіледі.
Егер сіздің медициналық сақтандыру құжатыңыз бар болса, бірақ оның жарамды немесе жарамсыз екенін анық білмесеңіз, сізге қызмет көрсеткен полистік компанияға хабарласып анықтап алғаныңыз жөн. Компанияның байланыс телефоны сіздің құжатыңыздың артында көрсетілуі тиіс.

Егер сіздің сақтандыруыңыз жарамсыз болса, ерінбей қайта жасатыңыз. Иә, бұл шаруа кем дегенде екі –үш апта уақыт алуы мүмкін. Бірақ, саяхат кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болып, шығындалғаннан қарағанда, бес қаруыңызды сайлап сапарға шыққан әлдеқайда сенімді болмақ.

мед сақтандыруТуристердің көпшілігі сапар кезінде сақтандыруы бар болса да ақылы көмекке тап болғандарын айтып жиі шағымданады. Сақтандыруы бар тұтынушылар медициналық көмекті ұзақ күткенін және сапасыз қызмет көрсеткендерін айтып жатады. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Тиісті құзырлы органдарға шағымдануға құқыңыз бар. Соңғы жылдары медициналық орталықтар сізге қажетті қызмет түрінің жоқтығын айтып, жеке меншік орталықтарға баруға кеңес беретін жағдайлар жиі кездеседі. Сіз өзіңіз саяхатқа баратын жердегі орталықтар туралы толық мәліметті, сіздің сақтандыру полисіне кіретін қызмет түрлері бар немесе жоқ екенін алдын ала анықтап алу арқылы мұндай келеңсіздіктердің алдын ала аласыз.

Қазақта «Сақтансаң – сақтайды» деген сөз бар. Медициналық сақтандыру жүйесін алдын ала жасатып алыңыз. Саяхатыңыз сәтті, демалысыңыз жақсы өтсін!