Алматылық жас спортшылар жаңадан ашылған еркін күрес академиясында жаттығады

Бұқаралық ақпарат құралдары шақырылғаніс-шараға ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрешілер корпусы және бапкерлер штабының жұмысы жөніндегі вице-президенті Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай, еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев, еркін күрестен Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы Хаджимурат Гацалов қатысып, Академияның тыныс-тіршілігі туралы баяндады.

«Жобаның мақсаты — спортта үлкен жетістікке жетіп, болашағынан үміт күттіретін спортшылардың басын бір жерде қосып, бір алаңда жаттықтыру. Қазіргі кезде әр облыста мықты спортшылар бар. Солардың басын қосып жатырмыз. Себебі, бәселекестік орта қалыптастыруымыз керек»,- деді Гацалов мырза.

Академияның кеңесшісі ретінде Даңқты балуан, Афины Олимпиадасының чемпионы, әлемнің бес дүркін жеңімпазы Қажымұрат Гацалов шақырылды.  Оның айтуынша, спортшылардың темірдей қатал тәртіп күтіп тұр екен.

«Академияда спортшылар арнайы белгіленген режим бойынша жаттығады. Уақытылы ұйқысынан тұрып, кешке дейін жаттығады да, 22.30-да телефондарын өткізіп, сағат 23.00-де ұйқыға жатады. Бұл уақыттан кейін оларды көшеден көру мүмкін емес»,- дейді Қажымұрат Гацалов.

Қазіргі уақытта академияда жасөспірімдер, балалар мен ересектерден құралған командалар жаттығу жүргізіп жатыр. Сарапшылар болса, еркін күрестен әлем чемпионатына еліміздің атынан қатысатын атлеттердің есімдерін атады. Олар: Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Мейіржан Әшіров, Ақжүрек Таңатаров, Ғалымжан Несеребаев, Азамат Дәулетбеков, Мамед Ибрагимов пен Іңкәр Ермұхамбет.

«Қазіргі таңда осы спортшыларды әлем чемпионатына алып, дайындасақ деп отырмыз. Бірақ қазір өздеріңіз білесіздер спортта жарақат деген болады. Сол жарақат мәселесі болған жағдайда біз өзіміздің екінші нөмерлі спортшыларымызды әрдайым бірге дайындасақ па деп ойлап отырмыз»,- дейді еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев.

Айта кетейік, еркін күрестен әлем чемпионаты Францияда өтеді.

Шараның соңында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті шілденің 18-30 аралығында Түркияның Самсун қаласында өтетін Сурдлимпиадаға қатысатын балуандарымызға арнайы форма табыстады.