Джефф Безос әдемдегі ең бай адам атанды

Джефф Безостың табысы 2 млрд долларға артқан. Осылайша оның активтерінің құны Гейтстің байлығынан 1,4%-ға көбейді.

Amazon-ның иесі — 1987 жылы Forbes құрылғалы бері миллиардерлер рейтингінде көш бастаған жетінші адам.

Айта кетейік, Amazon – әлемдегі ең үлкен онлайн-ритейлер. Ол АҚШ, Еуропа, Канада, Қытай, Үндістан, Мексика, Қытай және басқа да елдерде жұмыс істейді.

«Егер Гейтс қайырымдылыққа соншама көп ақшасын бермегенде, Безос ең бай адам атағының маңына да жолай алмас еді», — дейді Forbes журналы.

2010 жылы Гейтс байлар тізіміндегі тағы бір көшбасшы, инвестор Уоррен Баффетпен Giving Pledgе компаниясын ашқан болатын. Осылай байлығының жартысын қайырымдылықка аударған.

2016 жылдың соңындағы есеп бойынша Гейтс қайырымдылыққа 31 млрд АҚШ долларын аударған. Алайда 2015 жылы Безос та қайырымдылыққа 100 млн доллар берген екен.

ДереккөзBaq.kz