Шетелдік консалтингтік компания Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға ниеті

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша шетелдіктер Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында жасалатын жүйелiк жоспарды iске асыру үшiн арнайы шақырылған. Әдетте, бұл жоспарды халықаралық сарапшылар мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бекiтедi.

Әлемдегi 70 елдiң курорттық жоспар жүйесiн әзiрлеуде мол тәжiрибесi бар компания өкiлдерi, Бурабайда Үлкен Шабақты көлiнiң аумағын зерттеп, 233 га аумақта жалпылай туристер үшiн жоғарғы деңгейдегi жылбойғы курортты құру жобаларын әзiрлеу мен оны дамыту бойынша өз ұсыныстарын бередi.