2019 жылы бокстан Әлем біріншілігі Сочи қаласында өтеді

Бұл туралы Мәскеу қаласында AIBA Атқарушы комитетінің дүйсенбі күні өткен кезекті отырысында белгілі болды.

Ресейдің Сочи қаласында 2019 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтеді деп бекітілді. Аталмыш дода қаладағы «Айсберг» спорт кешенінде өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Ресей ерлер арасындағы әлем чемпионатын бұдан бұрын 1989 жылы (КСРО кезінде) қабылдаған еді.

ДереккөзInform.kz