31 шілдеде Алматыда діни сұрақтарға қатысты қоғамдық қабылдау өтеді

Шара дінге қатысты сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдау форматында ұйымдастырылады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Марков көшесі, 44 үй, Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО).

Қабылдау уақыты: Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін.

Шараға дін туралы ұғымын кеңейтуді мақсат еткен қала тұрғындары, қонақтары, журналистер, сарапшылар келе алады.

Айта кетейік, акция Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ШЖҚ «Сараптама және зерттеу орталығы» МКК ұйымдастыруымен өтеді.

Байланыс телефондары: 8 (727) 378-48- 06, 8 (727) 222-17-08