Шарада полиция полковнигі А.Метаев мұндай жарыс алғаш рет өткізіліп отырғанын және болашақта дәстүрге айналатынын атап өтті.
«Біздің ведомствода спорттың дамуы мен салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударылады. Өткізіліп отырған веложүгіріс – Бұланды АІІБ жеке құрамының физикалық дайындықты басты назарда ұстайтынын көрсетеді»,- деді А.Метаев.
Тәртіп сақшылары орталық көшелерде жол-патрульдік экипажы қызметінің сүйемелдеуімен жүріп өтті. Марафонға 30-дан астам полиция қызметкерлері қатысқан. Соңында полиция қызметкерлерін салтанатты түрде қарсы алып, Макинск қаласының тұрғындары тәртіп сақшыларын келе жатқан мейраммен құттықтап, лайықты қызметтері үшін алғыстарын білдірді.
«Жұмыстың тығыз кестесі мен жұмыс бастылыққа қарамастан, қызметкерлер веложүгіріске үлкен құштарлықпен қатысқанына біз қуаныштымыз, бұл ұжымымыздың бірлігі мен спорттық рухын көрсетеді»,- дейді АІІБ бастығының орынбасары С.Шортаев.
«Бүгін мен массалық веложүгірістің қатысушысы болып, оң әсер алдым. Басшылардың осы спорттық мейрамды полиция күні қарсаңында сыйлағандарына алғысымды білдіремін», -деді Бұланды АІІБ уақытша ұстау изоляторы бастығы Т.Адентаев.
