Ақмола облысының Қараөзек ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Өрт сөндіру бекетін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов және Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Владимир Елисеев ашты.

Жаңадан ашылған бекет жақын жердегі үш ауылға да қызмет көрсетпек. Яғни 2000-нан астам адам тұратын 760 үйге тілсіз жаудан қорғайтын, қосымша күш пайда болды, сондай-ақ қажет болғанда өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы орман және дала өрттерімен де күресуге дайын.

Өрт сөндіру бекеті жылжымалы гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы да жұмыс істейді. АЦ-133 өрт сөндіру автомобилі, «Суқұйғыш» су таратқышы бар МТЗ-82 жабдықталған.  Сонымен қатар 2 жиынтық арнайы киім берілді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да