Ақмола облысында «Мұғалім-2017» спартакиадасы өтті

Облыстық спартакиадада  Ақмола облысының екі қаласы және он жеті ауданының білім беру ұйымдарынан 360 астам адам қатысты.

Жарыс волейбол, шахмат, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, ату және дойбы ойыны бойынша ұйымдастырылды.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы  Б.Ізбасарова, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша ұйымы» БҚ төрағасы Б.Әбдірахманов спартакиаданың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша үздікшыққан ұстаздар дипломдар, грамоталар, кубок және сертификаттармен марапаттады.

Облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының бағалы сыйлықтарымен жекелей біріншілікте жүлделі орын алған қатысушылар марапатталды.  Сонымен қатар, бұл шараға жыл сайын қатысатын педагогикалық еңбек ардагерлері де аталып өтті.