Полицейлер қызметі сурет тілімен бейнеленді

Байқауға 13 жасқа дейiнгi 300-ге жуық бүлдiршiн өздерiнiң жұмыстарын ұсынды. Бұл бүлдiршiндердiң басым бөлiгi — полиция қызметкерлерiнiң балалары. Олар ата-аналарының қиын да, жауапты жұмыстары туралы көзқарастарын сурет арқылы көрсетуге тырысқан.

Сарапшылар назарына ұсыныл-ған суреттердiң сюжетi ғана емес, орындалу техникасы да сан алуан. Жас суретшiлер өздерiнiң туындыларында полиция қызметiнiң қыр-сырын жан-жақты ашуға тырысқан. Бiр айта кетерлiгi, Абылай хан алаңында ашық аспан астында өткен көрменi тамашалауға келген дем-алушылар мен тұрғындар өздерiне ұнаған суреттерге дауыс беру мүмкiндiгiне ие болды. «Байқауға небiр талантты балалар авторлық жұмыстарын ұсынды. Солардың iшiнде он қатысушының суретi ең таңдаулы деп табылды», — дейдi департамент басшысының орынбасары, полиция полковнигi Жанатбек Ешiмов. Сөйтiп, жұртшылық берген дауыс қорытындысы бойынша жеңiмпаздар анықталып, оларға ұялы телефон, спорттық құралдар мен ойыншықтар табыс етiлдi. Ең жас қатысушылар Даниил Хвостенко, Ангелина Кремер, Анастасия Бейсекееваның авторлық жұмыстары көрермендердiң ыстық ықыласына бөлендi. Бұл күнi балалар ата-аналарына сый ретiнде әдемi флеш-моб ұсынды.

Абылай хан алаңында көңiлдi музыка әуенiмен «25» санын бейнелеп, аспанға түрлi-түстi шарлар ұшырды. Осылайша көрермендердi де ерекше әсерге бөледi. Барлық қатысушылар Бурабай курорттық аймағының ең көрiктi жерлерiне саяхат жасап, мұражай мен хайуа-наттар бағына да барып қайтты. Экскурсия соңында бүлдiршiндерге ертегiлердегi сүйiктi кейiпкерлерi өнер көрсетiп, мерекелiк дастархан жайылып, концерттiк бағдарлама ұсынылды. «Мұндай шараларды өткiзу жыл сайын дәстүрге айналған. Ал, биылғы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орай жас суретшiлер байқауын балғындар үшiн ерекше есте қаларлықтай етiп өткiзудi жоспарладық. Балалардың да осы шараға жан-жақты әзiрлiкпен келгендiктерi қуантты», — дейдi кадр-лар басқармасының тәрбие жұмысы жөнiндегi бөлiм басшысы Аягөз Қалиева.