Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинді қабылдады

Елбасы курорттық аймаққа келушiлер саны жылдың әр мезгiлiнде әртүрлi екенiне назар аударып, туристерге көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтердiң деңгейiне сай келмейтiн бағалардың жоғары екенiн атап өттi.

– «ЭКСПО-2017» көрмесiнiң өтуiн тиiмдi пайдалану қажет. Көптеген туристер келдi, соның iшiнде шетелдiктер де бар. Бiрақ, экологиялық жүйеге салмақ салмау керек. Сонымен қатар, адамдардың демалуы үшiн жақсы жағдай жасаған жөн, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiн көтерудiң маңыздылығына тоқталып, облыс басшылығы тарапынан ерекше мән берудi қажет ететiн бiрқатар саланы айтты.

М.Мырзалин Қазақстан Президентiне туристердiң қазiргi демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың iске асырылу барысы туралы баяндап, өңiр қонақтары мен тұрғындарының жайлы өмiр сүруiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге арналған жоспарлармен таныстырды.