Ақмола облысында көктемгі дала жұмыстары қортындыланды

Күн тәртiбiндегi бiрiншi мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан аймақта биылғы көктемгi егiс науқанының мерзiмiнде, агротехникалық талаптарға сай сапалы атқарылып шыққандығын мәлiмдедi. Айталық, облыс бойынша негiзгi дақыл — бидай 4,3 миллион гектар алқапқа 31 мамырда толық себiлiп бiттi. Қалған майлы және бұршақты дақылдар тұқымы да көпке созылған жоқ, уақытында сiңiрiлдi.

Облыс әкiмi мәжiлiсте осы жағын биылғы жылдың басты жетiстiгi ретiнде атап өтiп, саланы Елбасы атап көрсеткенiндей, ғылымның әлеуетiмен ұштастыра жүргiзу қажеттiгiне назар аударды.

– Бұл орайда, облыстық әкiмдiкте ғылыми сараптамалық кеңес құрылып, ол тұқым сапасы, оны себудiң мерзiмi, минералды тыңайтқыштарды қолдану мәселелерiн елеп-екшеп отыратын болады. Әрбiр ауданда егiншiлiк шаруашылығын дамытудың жекелеген бағдарламасы жасалып, бұл бағытта да тиiстi жұмыстар қолға алынады, — деп атап көрсеттi аймақ басшысы.

Облыс әкiмiнiң мәжiлiсiнде сондай-ақ мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру мәселесi қаралып, аталған жұмысты жандандыру бағытында бiрқатар сала басшысына нақты тапсырмалар жүктелдi.