Ақмола облысында құрылыс материалдарын шығаратын инновациялық өндіріс орны іске қосылады

Екiншi кезеңi, 2020 жылы пайдалануға берiледi. Атап айту керек, жалпы қуаты 50 мың құс етiн өндiретiн бұл кәсiпорын Қазақстандағы ең iрi құс фабрикасы болады. Мұнда құс өсiруден бастап, дайын өнiм шығару циклi көзделген. Экологиялық таза өнiмдi өндiруге бағытталған құс фабрикасында заманауи технологиялар қолданылады. Жобаның жалпы құны 41 млрд теңгенi құрайды. Аталған жобаның iске қосылуы, Астананы азық-түлiкпен қамту бағдарламасын жүзеге асыруда өзiндiк серпiн берiп, Елорда тұрғындарын сапалы әрi отандық өнiммен қамтуға мүмкiндiк бередi. Кездесуде А. Шевченко, кәсiпорынның iске қосылуында жергiлiктi тұрғындарды жұмысқа тартуға ниеттi екенiн атап өттi.

Құрылыс барысымен танысқан облыс әкiмi, «AitasGroup» ЖШС өкiлдерiмен жобаны жүзеге асыруда туындаған мәселелердi талқылады.

Мұнан кейiн облыс әкiмi минералмақта құрылыс материалдарын базальт негiзiнде өндiретiн «Politerm» ЖШС кәсiпорнында болды.

«Мұндай инновациялық жоба, елiмiз бойынша тек Ақмола облысында iске асырылуда. Әзiрге бiздiң елiмiзде осындай құрылыс материалдары көршi Ресейден тасымалдануда. Жылдық қуаты 34 мың тонна болатын өндiрiс орнының өнiмiне сұраныс жақсы, сондықтан бiз отандық нарықта өз орнымызды тауып, әрi қарай дамып кетемiз деген ойдамыз»,- дедi компания басшысы Ж. Мұхаметжан. Бүгiнгi күнi мұнда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Кәсiпорын шiлдеде iске қосылмақ.

Iс-сапары барысында облыс әкiмi, «Макинка элеваторы» ЖШС –де өндiрiс қуатын кеңейту барысында атқарылған жұмыстарды да пысықтады. Биыл мұнда 60 мың тонна болатын қосымша астық кешенi салынған. Аймақ басшысы, жаңа кешендi iске қосып, жобаның астықты аймақ үшiн маңыздылығын атап өттi.

«Мемлекет басшысы агроөндiрiстiк кешенiн дамытып, экспорт ауқымын кеңейтудi жүктедi, бұл ретте ауылшаруашылығы саласын қайта жаңғыртуда инновациялық тәсiлдердi пайдалануды мiндеттедi. Бүгiнгi жоба осы тапсырманың орындалуының бiрден-бiр айғағы. Себебi кешенде қолданылатын заманауи технология астықты сақтау, тазалау жұмыстары жүргiзiп сапалы бидай экспорттауға мүмкiндiк бередi»,- дедi М. Мырзалин.

Мұнан кейiн облыс әкiмi, жаңа мектеп-лицейдi көрiп, «Аскоп» ЖШС жұмысымен танысты.

Аймақ басшысының жұмыс сапары, аудан активiнде қортындыланды. Мұнда ауданның әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi сараланды. Облыс әкiмi аудан алдында мемелкеттiк жеке-серiктестiктi дамытуды, егiлген астықты сақтауды, тұрғын-үй құрылысын жандандыруды және медициналық кадр тапшылығы мәселесiн шешудi тапсырды.