«Туған жер» бағдарламасы аясында Ақмола облысында мәдени-сауықтыру кешені мен дәрігерлік амбулатория қайта жаңғыртылады

Ол аталған бағдарлама аясында құны 90 млн теңгеге болатын 2 жобаны жүзеге асырмақ. Олардың бiрi түрмыстық корпусқа күрделi жөндеу жасау арқылы мәдени-сауықтыру кешенiне айналдыру. Сондай-ақ дәрiгерлiк амбулаторияны қалпына келтiрiп, ел игiлiгiне ұсыну.

Бұдан басқа И. Сауэр мемелкеттiк-жеке серiктiстк аясында аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталған екi жобаны өз қолына алды.

Еске сала кетейiк, И. Сауэр басқаратын «Родина» АФЖШС орналасқан ауыл облыстағы ең үлгiлi елдi-мекендердiң бiрi. Ауылдың өз авиациясы бар, сонымен қатар хайуанаттар бағы, хоккей корты, мәдени орталығы, шiркеу салынған. Жақында тұрғын-үй мәселесiн шешу мақсатында 18 баспана пайдалануға берiлген. Қосымша айта кететiн жайт, ауыл тұрғындарына отыннан, көмiрден, шөптен қажеттiлiктi ЖШС есебiнен берiлiп отырады. Ал ҰОС ардагерлерi, 1-шi топтағы мүгедектер азық-түлiк пен шаштараз қызметiн 50 пайыздық жеңiлдiкпен пайдаланады.