Аппараттық кеңесте жолдарды жөндеу мен спорт саласының дамуы талқыланды

Басқосуда облыс әкiмi М. Мырзалин жаңадан тағайындалған облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқарма басшысын Ж. Бакишевтi таныстырды. Бұған дейiн ол Петропавл қалалық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң басшысы қызметiн атқарған. 30 жылдық өндiрiс саласында еңбек өтiлi бар Ж. Бакишев Куйбышев атындағы жол-көлiк институтын тәмәмдаған. 2011-2014 жылдар аралығында Ақмола облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқарма басшысы орынбасары лауазымын атқарған.

Аппарат кеңесiнде облыс аумағындағы автомобиль жолдарында жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстарының барысы жайында жолаушылар көлiгi және автобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Д. Сағитов мәлiмдедi.

Атап айту керек, аймақта жол-көлiк саласында жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстары ЩБКАД, Астана iргесiндегi елдi-мекендердi, аймақтарды және моноқалалрды дамыту мемлекеттiк бағдарламалары аясында iске асырылады. ЩБКАД бағдарламасы аясында туристiк аймақта құны 900 млн теңге болатын үш бiрдей жоба жүзеге асырылуда. Олар бойынша, Бурабай кентiнде Аэродромный, Әлимусиндер, Жұмабаева, 4 және 5 желiсi көшелерiнде құрылыс және реконструкция жасалады, Щучинск қаласында Пролетарская, Сейфуллин, Зеленая және Октябрьская көшелерiнде күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiледi.

Д. Сағитовтың айтуныша, Астана iргесiндегi елдi-мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық дамыту кешендi жоспары бағдарламасы аясында биыл құны 2 647,9 млн теңге болатын 8 жоба жүзеге асыру көзделген. Бұл бойынша Ақмол ауылында 2,5 шақырым болатын жолды күрделi жөндеуден өткiзу, Қосшы көшелерiндегi құрылысты аяқтау, Қабанбай батыр елдi мекенiнде 2,6 шақырым жол салу және Тайтөбе, Максимовка, Софиевка, Шұбары, Қызылсуат ауылдарындағы бiрқатар көшеде күрделi жөндеу жоспарланған.

Бұған қоса, Талапкерде құны 4,5 млрд теңге болатын 14,6 шақырым жолды жөндеуге жобалық сметалық құжат әзiрленген. Бүгiнгi күнi бұл жоба бойынша конкурстық жұмыстар аяқталуға жақын.

Облыс орталығында да көшелердi ретке келтiру жұмыстары жалғасуда. Биыл Ғабдуллин және Ташенов көшелерiнде күрделi жөндеу жүргiзiледi, сондай-ақ бiрқатар көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады.

Жиында сондай-ақ «Орталық-Оңтүстiк», «Орталық -Шығыс» республикалық дәлiзi жобалары аясында облыс аумағында өтетiн жолдарда жүргiзiлiп жатқан жұмыстар да айтылды.

Спорт саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар жайлы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Н. Патюткина баяндады. Оның атйуынша, аймақта 9995 секциясы бар 1235 дене шынықтыру ұжымында 200 мыңнан астам тұрғын спортпен шұғылдануда. Салауатты өмiр салтын насихаттау аясында былтыр 86 мыңнан астам адамды қамтыған мыңнан астам бұқаралық спорттық iс шара ұймдастырылған. Биылғы жылдың бiрiншi тоқсанында Шортандыда дене-шынықтыру сауықтыру кешенi пайдалануға берiлген жылдың аяғына дейiн осындай кешен Сандықтауда iске қосылады деп жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстарды қортындылай келе, аймақ басшысы бұқаралық спортты дамыту, 9 ауданда дене-шынықтыру, сауықтыру кешендерiн салу мәселелерi бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар облыс әкiмi «Оқжетпес» ФК қарасты стадионның футбол алаңында жөндеу жұмыстарын жасауды жүктедi.

Еске сала кетейiк, кәсiби футболистер лигасы комиссиясының шешiмiмен бiрқатар аймақта, соның iшiнде «Оқжетпес» ФК қарасты стадионның футбол алаңы тексеруден өтiп, нәтижесiнде ҚР чемпионат өткiзу талаптарына бiздiң стадион сәйкес келмедi. Осы ретте аймақ басшысы, стадионда жөндеу жұмыстарына дереу кiрiсудi тапсырып, замануи талаптарға сай футбол алаңын жасау жұмысын ұйымдастыруды мiндеттедi.