2017 жылы елімізде 4 мыңға жуық компания жабылған

Бизнесін тоқтатқан компаниялардың көрсеткіші 2016 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 15 пайызға көп.

2016 жылы 3,2 мың компания жабылса, биылғы жылдың соңғы алты айының өзінде 9 үлкен (35%), 18 орта (25%), 3,6 мыңнан астам кіші (15,5%) компания жабылып үлгерді.

Осы уақыт аралығында сауда секторындағы 1100 компания бизнесін тоқтатқан. 418 құрылыс компаниясы және 256 техникалық ғылыми бағыттағы бизнес жабылған.

Өнімді өңдеумен айналысатын 203 кәсіпорын, жылжымайтын мүлік саудасына қатысты 197 агенттік, 156 ауылшаруашылығы мекемесі, 133 білім беру орталығы, 131 қаржы және сақтандыру компаниясы мен 130 логистикалық фирма өз жұмысын тоқтатқан.

Дереккөз7kun.kz