Басты бетЖаңалықтарДинара Қырықбаева...

Динара Қырықбаева ана атанды

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жария етті.

«Бүгін 28 қаңтарда біз Олжас екеуміз ең әдемі қыз баланың  ата-анасы атандық! Мені өмірге әкелген әке-шешеме рақмет! Маған әрқашан қолдау көрсеткен сүйіктіме, жолдасымның ата-анасына, достарыма, туған-туыстарыма рақмет. Біздің ең бақытты күніміз! Аллаға шүкір», — деп жазды әнші өз парақшасында.

Сол арада әншіге өзінің өнердегі әріптестері де сәбиінің дүниеге келуімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Дереккөзnur.kz