«National Digital History» порталы шетелдегі қандастарымыз туралы фильм түсіреді — Дәурен Абаев

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 25 жылдығына орай түсірілетін кинокартинаның түсірілімі Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Иран және Ауғанстан елдерінде жүргізіледі.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтып берді.

«Түсірілімде сол елдердегі қазақтардың тұрмысы, тарихы, ерекше дәстүрлері, мәдениеті қамтылуы тиіс. Бұл шетелдегі қандастарымызбен арадағы байланысты одан әрі нығайтуға үлкен үлес қосады деп сенемін. Осыған орай, министрліктің тапсырмасымен «Қазконтент» АҚ-ның «National Digital History» порталы шетелдегі қандастарымыз туралы 8 сериялы деректі фильм түсіруге кіріседі», — дейді Абаев.

Аталмыш жоба авторы және «National Digital History» интернет-жобасының жетекшісі — Олжас Беркінбаев.

Айта кетейік, түсірілім кезінде National Digital History порталында әлеуметтік желі пайдаланушылары мен интернет қолданушыларына тікелей ақпарат жеткізілмек.

ДереккөзSputniknews.kz