Ресми кездесуде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 4 отырысы туралы, екі ел арасындағы инвестиция, тау-кен, ауыл шаруалышығы бағыттары бойынша серіктестік орнату мәселелері талқыланды.
«Соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынас нығайып келе жатыр. Ұлыбритания – біздің Еуропадағы ең ірі стратегиялық серіктестеріміздің бірі», деді Жеңіс Қасымбек.
Кездесу барысында «Ұлы Жібек жолы» экономикалық белдеуі туралы сөз болды. Бұл жол Қытай-Қазақстан-Ұлыбритания арасын жалғайды. Осыған байланысты үшжақты келісім орнату жоспарда бар екені айтылды.
Ұлыбритания — тауар айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі 10 серіктесінің қатарына кіреді. Бұл ел Қазақстанға ең көп инвестиция құятын алтылықтың қатарында.
Ұлыбритания соңғы 12 жыл ішінде Қазақстанға жалпы көлемі 12,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестиция әкелді. Бұл — Қазақстанға тартылған жалпы шетелдік инвестицияның 5%-ы.