Ұшақ билеттерінің бағасы арзандайды — Инвестициялар және даму министрі

Ұшақ билеттерінің бағасын арзандату үшін Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту керек, деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. 

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты 300 мың тонна өндіреді, ал бұл жеткіліксіз. Қазақстанға 800 мың тонна көлемінде әуе жанармайы қажет. Қазақстан қалған жанармайды Ресейден жеткізеді, ал бұл өз кезегінде ұшақ билетінің бағасына ықпал етеді.

«Энергетика министрлігі хабарлағандай, биылғы жылдың соңына дейін зауыттарды жаңғырту жұмыстары аяқталады. Келесі жылдан бастап, қажетті жанармай көлемін алатын боламыз. Билеттер арзандайды», — деді Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдеріне.

Оның атап өтуінше, ұшақ билеті бағасының 30-35%-ын әуе жанармайының бағасы құрайды. Жанармайдың арзандауы бұл цифрді 20-25%-ға төмендетеді.

ДереккөзSputniknews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз